Таңғы 5:31. Үйге енді келдім. Студент атанғаннан бері анда санда «әй» дейтін әженің, «кешігіп келме» деген үнін қатты сағынады екенсің…
Түн шымылдығынын қас қағым сәтте жабылғанын да аңғармай қалыппыз. Не дегенмен, 40-тың жартысы бүгін 20-ға толған күнім! Дәл, балаларды қорғау мен жаздың алғашқы күніне дөп келіпті. Достарым бас қосайық дегесін, жиналып әдемі кеш өткіздік. Көңілімнен шықты. Шаршағаным енді білінуде. Сонда да аз сәтке аялдап, өзімді құттықтасам, рұқсат етсеңіздер) Read the rest of this entry »








Саған дауа жоқ екен. Соңғы кездері сені екі жүзді ме деген ойда жүрмін. Мені қызғанатын секілдісің. Олай болмаса, үнемі мен қалаған қай істе, ортада, қуанышта болмасын мені өзіңмен бөліп әкететінінді қалай түсіндіресің? Айтшы… Сені ренжіткім, сен арқылы ғана шешілетін жоспар, орындалатын армандарымның күлге айналғанын, әсте қаламаймын. Бірақ, сен де мені түсін. Бір сәтке болсын, сөзіме құлақ асшы. Жоқ, сен сонда да асқақсың. Кешеге дейін керісінше ойлағам…