“Ана тілі” газетіне дәл бүгін бір материал апару керек болып, сабақ үстінен кетіп қалған едім. Қайтарда кешігетін болғасын әдетімнен тыс шара қолдануға тура келді. Такси ұстауға. Негізінен осындай қауырт кездер болмаса, көбіне автобус, не жаяу жүргенді қалаймын. Қалтама да, халыма да пайдасы тиеді. Ә дегеннен сары жеңіл көлік тоқтай қалды. Терезесінен қарасам- жүргізуші орыс ағайынымыз екен. “Казгу-200?”. Басын изеді. Яғни, отыруға болады. Ішіне енгесін бірақ байқадым, мен нағыз толыққанды жабдықталған таксиге отырыппын. Рациясы да бар, қауіпсіздік белбеуің де тақпауға болады. Сонымен не керек көңілім жайланып, жол қысқарту мақсатында әңгімені де бастадық. Түр-тұрпатыңа қарасам кең жауырынды, жуан білекті нағыз балуанның өзіндей. “Тәулік бойы істейсіз бе?” деп сұрауым мұң екен, өзінің күн-түн демей шауып жүргенін, көлігінің бөлшектеріне қатысты да біраз жайттарды ағынан жарыла айтып кетті. Әңгімежайлылығы не әдеті, не клиентке деген әдебі шығар деп ой түйдім.
Қызық болғанда кеше түнде біздің көшеде (Сайын-Маречек) жол бойында бір көлік өртенген. Бұл көкеміз, рас болса дәл сол уақытта жанынан өте шыққан екен. Атыла ма деп қорқып кеткенін де жасырмады. Осылай әңгіме айтып отыра берер ме ек, университетке кептеліс болмағандықтан тез жеттік. Ол жұмысына, мен оқуыма кеттім. Айтқандай, түсерімде визиткасын берді. Мүмкін, бір күні хабарласып қалармын.

estetika91
09.04.2011 at 11:28 am
Уақыт тығыз болғанды осындай сыр ете қалатын сары таксилердің болғанына не жетсін,шіркін! )))