RSS

Жарты ғасырға құштарлық

            Таңғы 5:31. Үйге енді келдім. Студент атанғаннан бері анда санда «әй» дейтін әженің, «кешігіп келме» деген үнін қатты сағынады екенсің…

Түн шымылдығынын қас қағым сәтте жабылғанын да аңғармай қалыппыз. Не дегенмен, 40-тың жартысы бүгін  20-ға толған күнім! Дәл, балаларды қорғау мен жаздың алғашқы күніне дөп келіпті. Достарым бас қосайық дегесін, жиналып әдемі кеш өткіздік. Көңілімнен шықты. Шаршағаным енді білінуде. Сонда да аз сәтке аялдап, өзімді құттықтасам, рұқсат етсеңіздер) Read the rest of this entry »

Advertisements
 
9 пікір

Posted by on 01.06.2011 in Жедел жазба

 

Өмір бекеттері

Кешелерден бері мұрағатқа айналған ескі дәптерлерімді қайта қараудамын. Қызық екен… 10-шы сыныпта, желтоқсан айының 13-де жазылған шимайыма уақытыңыз болса көз жүгірте өтіңіз 🙂

  Өмірдің өзі ойлап қарасаңыз, адамдарға қызмет көрсетіп жатқан мамандықтың бір түрі.Ал, адамдар, Шекспирше айтсақ, үлкен сахнада ойнап жүрген актёрлер болып шығады.Сонда сіздің қандай рөлді сомдағыңыз келеді?Әрине, басты. Осыдан бастап-біліктісі бар, біліксізі бар, басты рөлге таласты бастайды да кетеді. Қойылым біткенше солай (түсінген шығарсыздар).Бұл дүниеге келген әрбір қонақ пенде өз өмірлерінің бекетіне билет алып, сапарға аттанады. Read the rest of this entry »

 

«Жабайы алма» повесті жайлы үзік сыр

P.S. Бұл жазба осыдан 3 жыл бұрын жазылған екен, кеше ескі дәптерлерімнің ортасынан тауып алдым)

Ұмытпасам, 5-6 сыныпта оқып жүргенімде әдебиет пәнінен «Жусан исі» атты Сайын Мұратбековтың повестінен үзінді оқып,үлкен әсерде қалғаным бар еді.Өзіме таңсық, бұрын атын естімеген жазушымен осылайша «Жусан исі» арқылы алғаш рет таныстым. «Алғашқы әсер қандай болса, көзқарас солай қалыптасады» демекші, бұл жазушының басқа да шығармаларын оқуға кейіннен аңсарым ауа бастады.Үйдегі өзім «жеке кітапханам» атайтын сөреде ұлы Абай,ақиық ақын Мұқағали, Бердібек аталарымның шығармаларының жанында мен үшін аса қымбат, ыстық кітаптардың бірі Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» туындысы тұрады. Read the rest of this entry »

 

Сәлем алмау сән бе?

         Бір қалада тұрғанмен, көріспегелі көп болған Жанбек есімді танысыммен жақында кездейсоқ жолығысып қалдық. Байқаймын, бұрынғыдай емес ысылып, көзқарасы салмақталған. Жұғыса кетер әзілдері де әдеттегідей аузынан атылып тұрған жоқ. Есейіп кеткен-ау деп бір шетінен шамалап қоямын.  Осы жақында диплом қорғамақ. Әңгіме арасында бір сұрақтың соңғы уақытта өзің қатты мазалап жүргенін жасырмады. Шалғайдан Алматыға арман қуып келген студенттің көңілі ертеңгі күніне алаңдаулы екен. Бар гәп оқуын аяқтағасын екі қолына бір күрек , мамандығы бойынша жұмыс табылғанымен,  қалада тіркеуі болмаса он бес күннен артық тұрақтай алмай ауылына қайтып кетем бе деген күмәні қауіпке айналғаны. Қазіргі кезде жатақханада тіркеулі.  Бірақ, ол да баянсыз. Ал, басқа біреудің үйіне тіркелу үшін қыт-қыт санар ақшасы, оны көтерер қалтасы да жоқ. Бір студенттің алғаш мегополиске келгенде алыс жақын ағайындары болмай, «Туысқансыз-тіршілігің түнек» деп айтқан мәтелге айналған сөзінің де осы мәселеде жаны бар. Read the rest of this entry »

 

Ертең не болмақ?

Ескі алаңда таңертеннен Ұлыстың ұлы күні жаңа жылымыз Наурызды тойлау мейрамы басталып кетті. Алайда, жылда 22-ші наурызда ғана мейрам шымылдығын ашар Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің бүгін сөз сөйлеп, эстрада жұлдыздарының бір күн ерте концерт беруінде не гәп бар екен?  Сонда ертең не болмақ? Read the rest of this entry »

 
9 пікір

Posted by on 21.03.2011 in Жедел жазба

 

Кетер-аяқ

Көзді ашып-жұмғанша өте шықты өмір-ай,  кешіріңіз құрылтай. Кімнің де болса көңілінде осы үш (біреулерге екі) күннің мәңгі көңіл жадтарында сәулелі сәттер болып сақталарына сенгім келеді. Бұл жай ғана тұңғыш қазақ блогерлерінің құрылтайы болмады… Read the rest of this entry »

 

Өзімше «өрнек» немесе Өркеннің өнегесі

Төтесінен бастайын. Байқасаңыздар осыған дейін көздеріңізге «күйік» болған

қара шапанымды жаңаладым. Бәріне себепші ерте-ерте-ертеде, бүгін таңертен басталған Блог құрылтай. Дәлірек-Өркеннің осыған дейін ешкімге тіс жарып айта қоймаған танымал блогшы атанудың не бір құпия-сырлары жайлы презентациясы. Read the rest of this entry »