RSS

Ертең не болмақ?

21 Нау

Ескі алаңда таңертеннен Ұлыстың ұлы күні жаңа жылымыз Наурызды тойлау мейрамы басталып кетті. Алайда, жылда 22-ші наурызда ғана мейрам шымылдығын ашар Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің бүгін сөз сөйлеп, эстрада жұлдыздарының бір күн ерте концерт беруінде не гәп бар екен?  Сонда ертең не болмақ?

Дегенмен, ұйымдастыру көңілден шықты. Қыз қуудан бастап, алтыбақан қостап түрлі ойындар ойналып, жылдағыдан өзгеше сол сәтінде салынып жатқан сурет көрмелері болды. Назарларыңызға аз-маз жаңа ғана түсірген суреттер:

Азияда ауылы алыстап бара жатса да, Ирбидің әзірге кеткісі жоқ. Жанындағы қоянға бола қалып қойған-ау шамасы:-)

«Қансонарда бүркітші шығар аңға»дәл осындай бүркітім болса ма, шіркін…

Қызға жетсең сүйдің, болмаса қамшының осуына күйдің

Мен қатты қызығатын, әттең қолымнан әзірге келмейтін әдемі өнер

ӘРИНЕ, БҰЛ СУРЕТТЕГІ КЕЙІПКЕРЛЕРСІЗ ҚАЙ МЕРЕКЕНІҢ ДЕ, МЕМЛЕКЕТТІҢ ДЕ КҮНІ БҰЛТТЫ


 

Advertisements
 
9 пікір

Posted by on 21.03.2011 in Жедел жазба

 

9 responses to “Ертең не болмақ?

  1. balzhan

    21.03.2011 at 8:10 тк

    Ойбууу, қызықтан құр қалыппыз ғой. Былтырдан бері наурызды 22 емес 21 тойлататын болды. Бұл не сұмдық?!

     
    • ulytau.ulany

      21.03.2011 at 9:11 тк

      Сұмдық па, қулық па кім білген? Бәлкім ертең бәрі Астанаға кететін болар)

       
      • Розатай

        22.03.2011 at 1:40 тк

        Асқарбек, қарапайым нәрсені қулыққа балап, обычный дүниеден астар іздеп қажеті жоқ. Тек Алматы ғана емес, дүйім жұрт кеше тойлап тастағанын білесің ғой. Бүгін де бірталай шаралар өтеді, гуглдан іздеп, қарасаң болады

         
      • ulytau.ulany

        22.03.2011 at 5:27 тк

        Бүгінгіні көрдім ғой, 22 наурыз емес, 1 мамыр секілді болды, кіл өнер көрсеткендер ұлттар ассамблеяларының өкілдері, және солардың ұлттық би, әндері дегендей

         
  2. zhanninsayasi

    22.03.2011 at 3:23 тк

    Мүмкін 1 күн емес 2 күн тойлайық деген ой шығар… аздап позитивті ойлап қойсақ қайтеді…

     
    • ulytau.ulany

      22.03.2011 at 5:28 тк

      Розаға жауап бергенім, саған да қатысты)

       
      • zhanninsayasi

        24.03.2011 at 5:03 тк

        Ал Роза менің ойымды дәл тауыпты.

         
  3. zhanninsayasi

    24.03.2011 at 5:03 тк

    Айтпақшы шаралар көп болды. Мысалы сен қай жерлерді қарадың?

     
  4. Ardak Katarbayev

    25.03.2011 at 12:06 тк

    21 әлде 22 сы ма, маңызды емес сияқты, бірақ анау желтоқсанда күтетін жаңа жылдан асырып тұрып тойлау керек негізі осы Наурызды. Қыстың қақаған боранында 3 күн жақсы тойланып, көктем құлпырғанда 1 күнде шуылдатып тастап ақ тастайды…(

     

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

 
%d bloggers like this: