RSS

Өмір бекеттері

31 Мам

Кешелерден бері мұрағатқа айналған ескі дәптерлерімді қайта қараудамын. Қызық екен… 10-шы сыныпта, желтоқсан айының 13-де жазылған шимайыма уақытыңыз болса көз жүгірте өтіңіз 🙂

  Өмірдің өзі ойлап қарасаңыз, адамдарға қызмет көрсетіп жатқан мамандықтың бір түрі.Ал, адамдар, Шекспирше айтсақ, үлкен сахнада ойнап жүрген актёрлер болып шығады.Сонда сіздің қандай рөлді сомдағыңыз келеді?Әрине, басты. Осыдан бастап-біліктісі бар, біліксізі бар, басты рөлге таласты бастайды да кетеді. Қойылым біткенше солай (түсінген шығарсыздар).Бұл дүниеге келген әрбір қонақ пенде өз өмірлерінің бекетіне билет алып, сапарға аттанады.

Сонымен алғашқы аялдама-балалық бекеті.Періште көңіл,әлі тұнық ойы лайланбаған күмісбұлақтай мөлдір, айналаның бәрі тек саған күліп тұрғандай елестейтін балалық балдәуренге не жетсін,шіркін!?Мұқан Иманжановтың балалық шақ жөніндегі ойымен сөзімізді сабақтасақ, «әр адамның балалық, жастық шағы бар.Ал, әр балалық, жастық шақтың мұғалімнен алған ұмытылмас сыбаға-сыйы бар.Бұл сыйдың аты білім мен тәрбие.Адам өседі,өзгереді, қартаяды.Бірақ, білім, тәрбие тозбайды,қартаймайды.Жүректің тот баспас қазынасы боп ол ұзақ сақталады».Әттең, балалық бекетіндегі аялдама уақыты өте қысқа,тіпті байқамайда қаласың.Жаңа айтылған білім, тәрбиенің негізгі кірпіштері келесі аялдама- жастық шақ бекетінде қаланады.Дәл осы бекетке дейін өзіңмен бірге келген жолаушылардың кенеттен, күтпеген жерден бағыты күрт өзгеріп, басқа жолмен кететін жағдайларда жетерлік.Желік пен қырқадан көрінген түлкідей қызықты қуа берсеңіз, сіздің де адасып кететініңізге шүбәм жоқ.Алдыңызда үлкен сын тұрады.Ол-алдағы өмірді айқындайтын басты факторлардың бірі-мамандық таңдау.Сол бойынша өмір сахнасындағы рөліңізді сомдайсыз.Мамандыққа қабылданарда алдыңызда екі таңдау,бірі-жүрек, бірі-заман қалауы көрініс береді. «Дүниеге адам болып келу оңай, адам болып қалу қиын» демекші,дәл осы таңдаудан сіз екі соқпақтың бір даңғылыңа түсіп,әрі қарай сапарыңызды жалғастырасыз.Иә, қай жерге келдік, ендігі аялдама кімнің де болса сапар шеккісі, мойындағысы келмейтін- кәрілік бекеті.Бұл бекетке әзірге бармағандықтан, сыртынан тон пішіп ой өрбіткенім жөн бола қоймас.Сәті түсіп,елу-алпыс жылдан кейін сізбен – біз көрісе, кездесе қалсақ ойымызды, түйгенімізді ортаға тастап, нағыз көкпар жасармыз.

Advertisements
 

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

 
%d bloggers like this: