RSS

Category Archives: Мені қызықтырған тақырып

«Жабайы алма» повесті жайлы үзік сыр

P.S. Бұл жазба осыдан 3 жыл бұрын жазылған екен, кеше ескі дәптерлерімнің ортасынан тауып алдым)

Ұмытпасам, 5-6 сыныпта оқып жүргенімде әдебиет пәнінен «Жусан исі» атты Сайын Мұратбековтың повестінен үзінді оқып,үлкен әсерде қалғаным бар еді.Өзіме таңсық, бұрын атын естімеген жазушымен осылайша «Жусан исі» арқылы алғаш рет таныстым. «Алғашқы әсер қандай болса, көзқарас солай қалыптасады» демекші, бұл жазушының басқа да шығармаларын оқуға кейіннен аңсарым ауа бастады.Үйдегі өзім «жеке кітапханам» атайтын сөреде ұлы Абай,ақиық ақын Мұқағали, Бердібек аталарымның шығармаларының жанында мен үшін аса қымбат, ыстық кітаптардың бірі Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» туындысы тұрады. Read the rest of this entry »

Advertisements
 

Жастық пен сұлулықты сақтаудың құпиялары

Күн көзіне жоламаңыз.

Күн көзіне күюге аса әуестену теріні қартайтады. Егер сіз теріңізді күннен қорғайтын болсаңыз, кем дегенде жастығыңызды 10 жылға ұзартасыз.

Ұйқыңызды қандырыңыз.

Бұл туралы білетін шығарсыз? 8 сағаттан кем болмау керек. Жұмысыңыздың көптігіне, уақытыңыздың аздығына қарамаңыз.

Тамақты шақтап жеңіз.

Аш жүрмеңіз, бірақ, тамақты да көп жемеңіз. Read the rest of this entry »

 

Арман көліктің арғы тарихы


Адамдардың ақыл-ой жемісінің алға өрлеуімен қатар өмірдің өз өрнегі өріледі. Ертегіміз елеске, елесіміз өңімізге айналып жатқан  дәл біз күн кешіп жатқан дәуірде ештеңеге таң қалуға болмайды. Кешегі заманның Тайбурыл, Байшұбар, Құлагерлерін бүгінде заманауи көліктер алмастырған. Кезінде бастықтар ғана мінетін көлік қазір екінің бірінің астында. Дегенмен әркімнің көрпесіне қарай көсілуіне байланысты көліктер де сан түрлі. Көшеде көргенде аузыңды ашып, «менде болса ма..» деп  қиялдап кететіндері де кезігеді. Мысалға, атағы әлі күнге жер жаратын Hummer-ге кімнің де болса құда түскісі бар. Read the rest of this entry »