RSS

Category Archives: Шашылып түскен сөйлемдер

Өмір бекеттері

Кешелерден бері мұрағатқа айналған ескі дәптерлерімді қайта қараудамын. Қызық екен… 10-шы сыныпта, желтоқсан айының 13-де жазылған шимайыма уақытыңыз болса көз жүгірте өтіңіз 🙂

  Өмірдің өзі ойлап қарасаңыз, адамдарға қызмет көрсетіп жатқан мамандықтың бір түрі.Ал, адамдар, Шекспирше айтсақ, үлкен сахнада ойнап жүрген актёрлер болып шығады.Сонда сіздің қандай рөлді сомдағыңыз келеді?Әрине, басты. Осыдан бастап-біліктісі бар, біліксізі бар, басты рөлге таласты бастайды да кетеді. Қойылым біткенше солай (түсінген шығарсыздар).Бұл дүниеге келген әрбір қонақ пенде өз өмірлерінің бекетіне билет алып, сапарға аттанады. Read the rest of this entry »

Advertisements
 

Өзімше «өрнек» немесе Өркеннің өнегесі

Төтесінен бастайын. Байқасаңыздар осыған дейін көздеріңізге «күйік» болған

қара шапанымды жаңаладым. Бәріне себепші ерте-ерте-ертеде, бүгін таңертен басталған Блог құрылтай. Дәлірек-Өркеннің осыған дейін ешкімге тіс жарып айта қоймаған танымал блогшы атанудың не бір құпия-сырлары жайлы презентациясы. Read the rest of this entry »

 

Тыңдайсың ба, жоқ па?

Саған дауа жоқ екен. Соңғы кездері сені екі жүзді ме деген ойда жүрмін. Мені қызғанатын секілдісің. Олай болмаса, үнемі мен қалаған қай істе, ортада, қуанышта болмасын мені өзіңмен бөліп әкететінінді қалай түсіндіресің? Айтшы… Сені ренжіткім, сен арқылы ғана шешілетін жоспар, орындалатын армандарымның күлге айналғанын, әсте қаламаймын. Бірақ, сен де мені түсін. Бір сәтке болсын, сөзіме құлақ асшы. Жоқ, сен сонда да асқақсың. Кешеге дейін керісінше ойлағам… Read the rest of this entry »

 

Кешір досым

Сен менен ондай қадам күтпедің. Түсінем. Жоқ, түсінбейтін де шығармын… Мен жайында қалыптасқан бәлкім түзу пікірің кешегіден кейін қисық болып шыға келгенде болар. Атыңды жарияламай-ақ қояйын. Осы жазбаны оқырына күмәнім жоқ. Ал, бірақ менің шешімімді құптарына сенімсізбін. Себебі…себебін өзің білесін. Read the rest of this entry »

 

Соңғы хат

    Кетерінде ең болмағанда бірауыз «Қош!» деуге де жарамадың. Қайырылып қарамадың.

    Түсімдей болған өзіңмен бірге өткен тәтті түндер мен қызық күндерді қалайша қиып кеткенінді түсінбедім. Мхм, тіпті күрсінбедің.

    Есіңде ме, үнемі жанымыздан өткен-кеткен, танитын-танымайтын жұртшылықтың бәрі бізге қызыға қарайтын. Бақыттыға балайтын. Read the rest of this entry »

 

Беймаза күй…

Жауапсыз махаббаттың сергелдеңі,

Жанымды мұң бесікке бөлеп еді.

Кеудемді қысқан ащы запыраным,

Шырпысыз тоқтау алмай өртенеді.

Кім білген бұл сезімнің от боларын,

Тосарын жазын емес, қыс боранын.

Кім білген ұшағымен махаббаттың,

Жүрекке сендей ару кеп қонарын.

 

КӨҢІЛСІЗДІК КӨҢІЛІМДІ КӨЛЕҢКЕЛЕЙДІ…

Бәрі де бұрынғыша. Тағатсыз қозғалыс, күнделікті күйбең тіршілік. Тек, мен жүрген, көрген, барған жерлердің бәріңе көңілсіздіктің өрмекшісі торың құрып тастағандай. Көңілсіз қала, көңілсіз көше, тіпті менің жаным жабыққанда сая тапқан, өзіңмен өткізген қысқа сәттердің естелігі әр басқан қадам сайын сайрап жатқан мына бақ, өзеннің жағалауы да сол күйге мойынсұнғандай. Read the rest of this entry »