RSS

Кі(ү)нәлі мен емес…


Алғаш рет болды өмірімде… Сөкпеңіздер, әсіресе қыздар қауымы. Өзімде оқиғаның былайша тез айналымға түсіп, қызу-қызу сюжеттерге айналатынын білмеппін. Ондай-ондай әйтеуір бір күні орындалуы керек еді ғой. Әлде, менікі ерте болып кетті ме? Жария етуге бір шетінен ұяттылау ма, қалай?.. Айтпайын десем, бұндай бастан кешкен күй, мммм…. сәт ішіме буырқанып сыяр емес. Тағы да, тағы да дейді. Тағы да түн, тағы да ол келсе, дәл кешегі түндегідей болса дейді. Read the rest of this entry »

Advertisements
 

Жастық пен сұлулықты сақтаудың құпиялары

Күн көзіне жоламаңыз.

Күн көзіне күюге аса әуестену теріні қартайтады. Егер сіз теріңізді күннен қорғайтын болсаңыз, кем дегенде жастығыңызды 10 жылға ұзартасыз.

Ұйқыңызды қандырыңыз.

Бұл туралы білетін шығарсыз? 8 сағаттан кем болмау керек. Жұмысыңыздың көптігіне, уақытыңыздың аздығына қарамаңыз.

Тамақты шақтап жеңіз.

Аш жүрмеңіз, бірақ, тамақты да көп жемеңіз. Read the rest of this entry »

 

Тыңдайсың ба, жоқ па?

Саған дауа жоқ екен. Соңғы кездері сені екі жүзді ме деген ойда жүрмін. Мені қызғанатын секілдісің. Олай болмаса, үнемі мен қалаған қай істе, ортада, қуанышта болмасын мені өзіңмен бөліп әкететінінді қалай түсіндіресің? Айтшы… Сені ренжіткім, сен арқылы ғана шешілетін жоспар, орындалатын армандарымның күлге айналғанын, әсте қаламаймын. Бірақ, сен де мені түсін. Бір сәтке болсын, сөзіме құлақ асшы. Жоқ, сен сонда да асқақсың. Кешеге дейін керісінше ойлағам… Read the rest of this entry »

 

Арман көліктің арғы тарихы


Адамдардың ақыл-ой жемісінің алға өрлеуімен қатар өмірдің өз өрнегі өріледі. Ертегіміз елеске, елесіміз өңімізге айналып жатқан  дәл біз күн кешіп жатқан дәуірде ештеңеге таң қалуға болмайды. Кешегі заманның Тайбурыл, Байшұбар, Құлагерлерін бүгінде заманауи көліктер алмастырған. Кезінде бастықтар ғана мінетін көлік қазір екінің бірінің астында. Дегенмен әркімнің көрпесіне қарай көсілуіне байланысты көліктер де сан түрлі. Көшеде көргенде аузыңды ашып, «менде болса ма..» деп  қиялдап кететіндері де кезігеді. Мысалға, атағы әлі күнге жер жаратын Hummer-ге кімнің де болса құда түскісі бар. Read the rest of this entry »

 

Кең тыныс.Таза ауа. Туған жер.

Шіркін, бетті қарыған күннің суығын-ай. Бара салысымен Алматыдан келген қарадомалақ баласына ауылдың сақырлаған сары аязы сақадай сай тұрып өзінің жөн-жоралғысын жасады. Сірә, мына жақта жүргенде есі шығып ұмытып кетпесін дегені болар(құмырсқа жолын). Картадан қарасаңыз дәл орталықтың жүрегінде орналасқан Ұлытау деген ауылыма желтоқсанның  31-де атымның басын тіредім. Read the rest of this entry »

 

Кешір досым

Сен менен ондай қадам күтпедің. Түсінем. Жоқ, түсінбейтін де шығармын… Мен жайында қалыптасқан бәлкім түзу пікірің кешегіден кейін қисық болып шыға келгенде болар. Атыңды жарияламай-ақ қояйын. Осы жазбаны оқырына күмәнім жоқ. Ал, бірақ менің шешімімді құптарына сенімсізбін. Себебі…себебін өзің білесін. Read the rest of this entry »

 

Жасырдым жұмбақ

Келе жатсақ далада, Кез болдық бір шыныға. Көріп қалып жармасты, Не сыр жатыр шыныда? (Оқиға Жерорта теңізінің жағасында болған)Келе жатсақ далада,

Кез болдық бір шыныға.

Көре сала жармасты,

Не сыр жатыр шыныда?

(Оқиға Жерорта теңізінің жағасында болған)