RSS

Жарты ғасырға құштарлық

01 Мау

            Таңғы 5:31. Үйге енді келдім. Студент атанғаннан бері анда санда «әй» дейтін әженің, «кешігіп келме» деген үнін қатты сағынады екенсің…

Түн шымылдығынын қас қағым сәтте жабылғанын да аңғармай қалыппыз. Не дегенмен, 40-тың жартысы бүгін  20-ға толған күнім! Дәл, балаларды қорғау мен жаздың алғашқы күніне дөп келіпті. Достарым бас қосайық дегесін, жиналып әдемі кеш өткіздік. Көңілімнен шықты. Шаршағаным енді білінуде. Сонда да аз сәтке аялдап, өзімді құттықтасам, рұқсат етсеңіздер)

Алдымен, осы жасқа дейін аман-есен жеткеніме бір Алла тағалаға, екінші ата-анама алғысым шексіз. Әркімнің тағдырталайы әрқалай. Ниетімізге орай бұйырған бақпен күн кешудеміз. Өлшеулі сынақ өмірден өзіңді табуға тілектеспін!

 
9 пікір

Posted by on 01.06.2011 | Жедел жазба

 

9 responses to “Жарты ғасырға құштарлық

  1. estetika91

    01.06.2011 at 2:17 тк

    О, Абеке туған күніңіз құтты болсын!!! Сулу өмір, ұзақ ғұмыр тілеймін. Блогер ретінде айтарым, қазақ интернетінің дамуына үлес қосып жүретін блогың жандана берсін. Ішіне жақсы жазбалар толсын!

     
  2. Өркен

    01.06.2011 at 4:22 тк

    Асқарбек бауырым, туған күнің құтты болсын! Маңдайың тасқа тимесін!

     
  3. Kaldykyz

    01.06.2011 at 4:58 тк

    Тағы бір жас қосуыңмен құттықтаймын!
    Жақсы маман иесі бол, өкіндірмес өмір тілеймін!

     
  4. Нұршапағат

    01.06.2011 at 6:34 тк

    Кешегі әдемі кеште айтылған тілектердің барлығы қабыл болсын бауырым!!!! Әсіресе «халал» тілектер ))))

     
  5. Айжан

    02.06.2011 at 12:22 тд

    Құтты болсын! біз жоқпыз ғой))

     
    • ulytau.ulany

      02.06.2011 at 1:44 тк

      Жігіттер ғана болдық. Жиналамыз деген ой болмаған ғо о баста. Әйтпесе, құрметті қонағым Жансая екеуің болар едіңдер!

       
  6. Ағатай

    02.06.2011 at 9:02 тк

    Құтты болсын )

     

Leave a reply to Ағатай Жауап беруден бас тарту